Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Пойыз релсьтен шығып кетіп, 100-ден аса адам жапа шекті
Мысырда ел астанасы Каирден солтүстікке қарай орналасқан Кальюбия провинциясында пойыз рельстен шығып кетіп, 100-ден аса жолаушы жапа шекті.
11:14 19.04.2021
Бұл туралы осы елдің Al-Youm al-Sabia газетінде басылған провинция билігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдын ала мәлімет бойынша пойыз апатының салдарынан 103 жолаушы жапа шекті», - делінген хабарламада.
Дерекке сай, Каир - Мансура бағытында жолға шыққан пойыз Тух теміржол станциясынан аттанғаннан бірнеше минут өткен соң оның вагондары рельстен шығып кеткен. Оқиға орнына жапа шеккен жолаушыларды жергілікті ауруханаларға жеткізу үшін 20 жедел жәрдем көлігі барған. Айта кетейік, наурыз айының соңында осы елде екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 19 адам мерт болған еді және тағы 185 жолаушы жарақат алған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram