Министр Цой вирус жұқтырған оқушылар көбейгенін айтты
Қазақстанда қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.
11:26 20.04.2021
"Дәстүрлі білім беру форматы енгізілгеннен бері мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның өсуі байқалды. Төртінші тоқсанның басынан бері 3706 оқушы коронавируспен ауырды. Оның ішінде оффлайн оқығандар арасында - 1093, онлайн - 2613 оқушы. Төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Ал қашықтан оқыған оқушылар арасында аурушаңдық деңгейі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жоғары", - деді Цой үкімет отырысында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!