Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сәуірдің соңында Алматыны қар басып қалды
Қазіргі кезде қала ішінде көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға арнайы материалдар себіліп жатыр.
11:09 22.04.2021
Алматыда 21 сәуірден бері қар жауып жатыр. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірге дейін қалаға 6-8 сантиметр қалыңдықта қар түсті.
"21 сәуірде сағат 13.00-ден бастап Алматы қаласында жаңбырдың соңы қарға ұласты. Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарға 10-12 сантиметр, ал қала ішінде 6-8 сантиметр қар түсті", - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы 243 тонна материал пайдаланылған. Сонымен қатар, тротуарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Қар тазалауға 965 жұмысшы мен 395 техника жұмылдырлған. Оның 136-сы құм шашатын техника.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram