Қарағандыда көшеден ер адам өлі табылды
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
20:32 23.04.2021
"Жазатайым оқиға немесе кісі өлтіру. Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі", - делінген "Вечерняя Караганда" телеграм-арнасында жарияланған суреттің сипаттамасында.
Полиция бұл фактіні растап, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.
"22 сәуірде сағат 11.50-де Мұқанов көшесіндегі "Айза" дүкенінің жанында зорлық-зомбылық белгілері жоқ 60 жастағы қала тұрғынының денесі табылды. Ол сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мейітханаға жөнелтілді. Факт полицияда тіркелген. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары