{metadescription}
Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйледі.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы прокурордың маған айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратты. Сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді. Бүгінгі таңда күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралып жатыр. Арызды зерделеп, ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығы мен негізділігін растайтын сенімді деректер жоқ екенін айтқым келеді. Себебі ұрлық жасалған жоқ. Мен денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін", - деді Біртанов.

Ол пандемия кезінде мемлекеттік органдардың іс-әрекетін жан-жақты тергеу әділ жүреді деп үміттенетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, кеше сот отырысында прокурор Төлеген Жараспаев Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырды және мемлекетке аса ірі көлемде - 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар мөлшерінде материалдық зиян келтірді деген күдікке ілінгенін айтқан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.