{metadescription}
Қазақстанда 1 634 939 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында 7 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы мәліметтерді жариялады.
11:02 07.05.2021
Министрліктің мәліметтеріне қарағанда осы уақытта Қазақстан бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 1 634 939 адамды құрап отыр. Вакцинаның екінші компонентін салдырғандар – 523 985.
Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!