Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Полицейлер 22 адамды атып өлтірді
Метроның екі жолаушысы мен екі полиция қызметкері жарақат алды.
13:04 07.05.2021
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бразилияда метродағы атыс салдарынан бір полиция қызметкері мен 22 күдікті қаза тапты, пойыздың екі жолаушысы және екі полиция қызметкері жарақат алды.
"Рио-де-Жанейро азаматтық полициясының заңсыз есірткі айналымына қарсы операциясы кезінде 23 адам қаза тапты. Оқиға бейсенбі күні таңертең Рио-де-Жанейроның солтүстік аймағындағы Жакарезинью муниципалитетінде болды", - делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция қызметкері Андре Фриас басына тиген оқтан көз жұмған, деп жазады sputnik. Метрополитен пойызының екі жолаушысы мен екі полиция қызметкері жарақат алды. Арнайы операцияда қаза тапқандар саны – статистика жүргізіле бастаған 2016 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram