Тараз тұрғыны бойжеткенмен танысып оны тонап кеткен
27 жастағы ер адам бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды.
13:06 13.05.2021
Оның облыс орталығындағы шағын ауданда тұратыны анықталды. Тараз тұрғыны жаңа танысқан қызды тонап кетті. Оқиға ер адамның қыдырып қайту туралы ұсынысынан бойжеткен бас тартқан соң болған. Тараз қаласының полициясына 27 жастағы тұрғын арызданды. Айтуынша, бейтаныс жігіт 116 мың теңге тұратын смартфонын ұрлап кеткен. Сонымен қатар, телефон қабында 46 мың теңге болған.
Полиция ақпаратына сәйкес, бойжеткен жігітпен сол кеште танысқан. Қыдырып қайту туралы ұсынысты қабылдамағанына ашуланған ер адам күш қолдану арқылы оның телефонын тартып алып, қашып кеткен.
Ер адам бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. 27 жастағы жігіттің облыс орталығындағы шағын ауданда тұратыны анықталды. Ол өзінің әрекетін мойындады және қолды болған заттарды иесіне қайтарды. Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!