{metadescription}
Мемлекет басшысы ҚР халық әртісі Нұржұман Ықтымбаевты мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы ҚР халық әртісі Нұржұман Ықтымбаевты мерейтойымен құттықтады

14 мамыр күні Қазақстан Республикасының Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Ықтымбаев 80 жасқа толған мерейтойын атап өтуде. 

Актерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

«…Сізді отандастарымыз кино өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар халық әртісі, танымал тұлға ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы екі жүздей кинокартинаға түсіп, күрделі, болмыс-бітімі бөлек рөлдерді асқан шеберлікпен сомдай білдіңіз. Табиғи дарыныңызды отандық және шетелдік режиссерлер мен сыншылар қашанда жоғары бағалайды. Еліміздің рухани-мәдени байлығын дамытуға қосқан үлесіңіз өте мол. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және әулетіңізге құт-береке тілеймін», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау мәтінінде.

Бүгін Алматыдағы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында мерейтой иесіне құрмет көрсетілді, онда Нұржұман Байжұманұлы достарымен, әріптестерімен және оқушыларымен кездесті. Кездесудің ашылуында жүргізушілер ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атынан мерекелік құттықтауды оқыды.

Іс-шара аты аңызға айналған «Алматы» қонақ үйінде өтті, оның жанында Нұржұман Байжұманұлы ұстазым деп санайтын көрнекті кинорежиссер Шәкен Аймановқа ескерткіш орнатылған,. Кино орталығының басшыларымен бірге мерейтой иесін құттықтауға Қазақстанның Халық әртісі, актер әрі кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, көпшілік көрерменнің сүйіктісі Тамара Қосыбаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер және продюсер Рүстем Әбдірашев  және т.б. көптеген белгілі кино қайраткерлері келді.

Дәстүр бойынша мерейтой иесіне шапан жауып, домбыра сыйланды. Нұржұман Ықтымбаевтың домбыра шертіп, керемет ән айтатыны белгілі. Мерейгер өзінің сүйікті музыкалық аспабында бірден әсем әуенді ойнады.

«Нұржұман 80 жаста деп кім айтады? Сіз тамаша қалыптасыз, осындай ақсақал жасына жеткен батырларымыздың бірісіз», - деді Досхан Жолжақсынов.

Нұржұман Байжұманұлының өзі осындай жылы тілектер мен құттықтаулар үшін алғысын білдірді. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев құттықтауында атап өткендей, өзінің еңбек жолында  Нұржұман Ықтымбаев 200-ден астам фильмде ойнаған. Оның жарқын таланты тек Қазақстан мен бұрынғы КСРО елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде бағаланады.  Ықтымбаев – голливудтық фильмде ойнаған алғашқы қазақ, достарының қатарында танымал кино жұлдыздары бар, оның ішінде «Поздняя любовь» фильмінде бірге жұмыс істеген Жерар Депардье де бар. Алайда, мерейтой иесі  өзі сомдаған сүйікті рөлін айта алмады.

Тілшінің сұрағына  Нұржұман Ықтымбаев мынадай нақылмен жауап берді: «Бір кемпірден «Неше балаңыз бар?» деп сұрапты. Ол 12 балам бар деп жауап беріпті. «Қайсысын жақсы көресіз?». «Бәрін де жақсы көремін, бәрі де менің жүрегімде». Менде де дәл солай. Басқалары сияқты емеспін. Әр сомдаған рөліме барымды саламын, әрқайсысы менің жүрегімде ерекше орын алады.».

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде