Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері жабылады
14 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы екі өткізу пункті мерекеге байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
11:54 12.06.2021
Қытай тарапының «Дуань-У» (айдаһар қайықтары мейрамы) мерекесін мерекелуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің негізінде 2021 жылғы 14 маусымда «Нұр Жолы» және «Достық» автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді.
«Қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасында 2 теміржол өткізу пункті («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автомобиль («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») жұмыс істейтінін, олар арқылы жалғасып отырған карантиндік шектеулерге байланысты тек жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдарының қозғалыс бағдарларын алдын ала түзету үшін хабарлаймыз», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram