Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шахтадағы жарылыстан 11 кенші үйінді астында қалды
Колумбияның орталық бөлігінде орналасқан көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан 11 кенші жер астында қалып қойды.
16:25 12.06.2021
Бұл туралы жұма күні Ұлттық тау-кен өндіру агенттігі өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Құтқару тобы Бояка департаменті Соча муниципалитетіндегі көмір шахтасындағы жарылысқа байланысты шараларға тартылды. Жоғалған 11 адамға қатысты құтқару жұмыстары жүргізілуде», - делінген ведомствоның жариялаған хабарламасында.
Әзірге тек үш кеншіні құтқара алған. Сондай-ақ тағы екі адамның мәйіті табылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram