{metadescription}
Тұрақтағы көліктер жер астына түсіп кетті

Тұрақтағы көліктер жер астына түсіп кетті

Иерусалимде асфальт опырылып түсті.

Соның салдарынан пайда болған шұңқырға бірнеше көлік құлап кетті. Төтенше жағдайлар қызметі автокөліктерді шұңқырдан кранның көмегімен шығарған. Көліктердің барлығы жарамсыз болып қалды.

Оқиғаның видеожазбасы Global News YouTube арнасында жарияланды. Барлығы үш көлік жер астына кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ – бұл көліктерде жүргізушілер мен жолаушылар болмаған. Оқыс оқиға "Шаарей-Цедек" медициналық орталығының жанында болды. 

Жердің опырылуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жақын маңда жұмысшылар түнел салып жатқан, төтенше жағдайға осы себеп болуы мүмкін. Қазір оқиғаның салдарын жоюмен коммуналдық қызметтер айналысып жатыр. Келтірілген шығынның көлемі алдағы уақытта анықталады.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.