{metadescription}
Елордада полицейлер үшінші қабаттан секірмек болған ер  адамды құтқарды

Елордада полицейлер үшінші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

Елорда полицейлері мас күйінде үшінші қабаттың балконынан секірмек болған адамның өмірін сақтап қалды.

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлама бойынша келген. Полицияға сағат 07.40-та «102» арнасына күйеуі жанжал шығарып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушыға бұрын бірге тұрған адамы мас күйінде келгені анықталды. 25 жастағы жігіт егер әйел оған оралмаса секіремін деп қорқытқан.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары Нұржан Кенжеғалиев пен Еламан Қажиақпаров дереу шақыртуға жеткен. Пәтерге көтеріліп, олар терезе үстінде қолына пышақ ұстаған адамды көрген.

Жағдайды бағалап болғаннан кейін тәртіп сақшылары ер адамды әңгімеге тарта бастады. Әңгіме барысында ер адам бір сәтте қырағылығын жоғалтқан. Полиция оны қарусыздандыру үшін шаралар қабылдады, содан кейін оны пәтерге кіргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды. Кейін ер адаммен ондай фактілерге ендігі жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.