Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыдағы субұрқақта зардап шеккен бір науқастың жағдайы өте ауыр
Дәрігерлер Алматыдағы субұрқақтардың бірінде электр тоғынан зардап шеккендердің денсаулық жағдайы туралы айтты.
17:06 21.06.2021
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті.
«Сенбі күні кешкі сағат 16:00 шамасында жедел жәрдем қызметіне субұрқақта бір ересек және екі баланың зардап шеккені туралы хабар түсті. 1993 жылы туған Алматы тұрғыны қазір Орталық клинкалық ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Реанимация бөлімінде. Барлық медициналық көмекті көрсетіп жатырмыз. Ол азаматта көптеген жарақат бар. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Қалған екі кішкентай қызға келетін болсақ, 10 жастағы қыз жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайы орташа ауыр. 8 жастағы екінші қыз жансақтау бөлімінде, ертеңге дейін бақылауда ұстаймыз. Жағдайы орташа ауыр», - деді басқарма өкілі.
Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram