{metadescription}
Бекшин үнді штамын Алматыға кім әкелгенін айтты

Бекшин үнді штамын Алматыға кім әкелгенін айтты

Жандарбек Бекшин үнді штамының Алматыға қайдан келгенін айтты. 

Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты. Бекшиннің айтуынша, үнді штамын 1984 жылғы азаматша шет елден әкелген.

«Ол - 1984 жылы туған К. есімді азаматша. Үй шаруасындағы әйел, еш жерде жұмыс істемейді. Оның күйеуі шетелде іссапарда жүр. Айта кету керек, оның жолдасы ақпан айында коронавируспен ауырған. Ал науқастың өзі қазір ауруханада жатыр. Онымен байланыс жасаған жеті адам оқшауланды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Дүкендерге кіргені анықталды. Сонымен қатар, 2 құрылыс дүкеніне де барған. Күйеуі шетелге іссапармен шығып тұрады», - деді Жандарбек Бекшин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде