{metadescription}
Oқу-жаттығу кезінде мина әскери полигоннан тыс жерге құлаған

Oқу-жаттығу кезінде мина әскери полигоннан тыс жерге құлаған

Жапонияның батысындағы Сига префектурасында оқу-жаттығу атыстарын жүргізу кезінде мина әскери полигоннан тыс жерге құлаған.

Жапонияның құрлықтағы Өзін-өзі қорғау күштерінің жауынгерлері 120 мм калибрлі минометтерден оқ атқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір мина полигоннан тыс жерге ұшып кетіп, атыс орнынан 1 км қашықтықта таулы аймаққа құлаған. Қазіргі уақытта оны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір келтірілген залал немесе зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

Оқиға салдарынан полигонда оқ атуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды, ол бейсенбіде Orient Shield жапон-америкалық бірлескен жаттығуларының аясында екі тараптың 3 мыңға жуық адамының қатысуымен басталуы керек еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде