12-15 жас аралығындағы балаларды вакциналау жоспарланып отыр
Грекияда ауру жұқтырудың жаңа жағдайларының санын азайту мақсатында 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге Pfizer/BioNTech және Moderna вакциналарын егу жоспарланып отыр.
13:04 27.07.2021
Грекияның вакцинация жөніндегі комитет басшысы Мария Теодоридудың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы вакцинация жастардың осал тобын тиімді қорғауға, сондай-ақ қыркүйек айының басына дейін олардың мектептерге тезірек оралуына ықпал етеді. 11 миллионға жуық халқы бар Грекияда вакцинаның бірінші компонентінің 10,2 миллионнан астам дозасы салынды. Халықтың шамамен 46,8%-ы толық вакциналанған.
Грек үкіметі күзге қарай елдегі вакцинация деңгейін 70% -ға пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Өткен тәулікте елде коронавирус жұқтырудың 2070 жаңа жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелген. Грекиядағы ауруға шалдыққандардың жалпы саны – 477 975 адам. Пандемия басталғалы елде 12903 адам көз жұмған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!