{metadescription}
БҰҰ коронавирус індетін супер таратушы елді атады

БҰҰ коронавирус індетін супер таратушы елді атады

Мьянмада COVID-19 инфекциясы өршіп барады.

Осылай жалғаса берсе, бүкіл аймаққа індет тарататын елге айналуы мүмкін. БҰҰ-ның Мьянмадағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Том Эндрюстың мәлім етуінше, елде коронавирус індеті жылдам таралып жатыр.

Елдегі соңғы уақытта туындаған келеңсіз жағдайлар COVID-19 эпидемиясының бүкіл аймаққа таралу қаупін тудырып отыр. Ақпан төңкерісінен бері Мьянмада вакцинация бағдарламасы іске аспауда, халық тестілеуден өткізілмейді және дәрігерлердің ереуіліне байланысты ауруханалар жұмысы тоқтап қалды.

Сондай-ақ ұйымның арнайы баяндамашысы Мьянмадағы дәрігерлердің ереуілге шыққанын, олардың мемлекеттік ауруханаларда жұмыс істеуден бас тартатынын, қысым мен қоқан-лоққыларға ұшырап, адамдарды жасырын түрде емдеуге мәжбүр болғандықтарын атап өтті.

Қазіргі таңда Мьянмада халық медициналық оттегіге, крематориялар мен мәйітханаларға кезекте тұр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде