Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты
Қостанай облысында «Қара бүркіт» колониясының жанында қатты ыстық ауа райына байланысты құрғақ шөп өртенді.
10:00 02.08.2021
Ведомствоның хабарлауынша, өртті қызметкерлер байқап, бірден сөндіруге кіріскен. Төрт сағаттың ішінде өрт толық оқшауланып, колонияның жеке құрамы өрт сөндіру автокөлігіндегі су қорын тез толтырып отыруға көмектесті.
«Ашық жалын азық-түлік қоймасына қарай өтіп кетпес үшін мекеме басшылығы ТЖД қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Кезекші ауысымдағы барлық күшті жұмылдырдық», - деді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Асхат Баламбаев.
Өрт сөндірушілер колонияның жеке құрамын батыл және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді. «Қара бүркіт» – (ресми атауы – УК-161/3 мекемесі) Қазақстанның Қостанай облысындағы төтенше қауіпсіздік мекемесі, Жетіқара қаласынан 25 шықырым жерде орналасқан. Онда аса ауыр қылмыскерлер, атап айтқанда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!