{metadescription}
ҚР Президенті Никол Пашинянды Армения Премьері лауазымына тағайындалуымен құттықтады

ҚР Президенті Никол Пашинянды Армения Премьері лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Арменияның Премьер-Министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Никол Пашинян парламенттік көпшіліктің ұсынуымен Армения Премьер-Министрі болып тағайындалғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде