{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс берілді.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қайрат Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.