Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы маңында болған жол апатынан бір адам қаза тапты
Алматы облысында Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды.
12:45 03.08.2021
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жол-көлік оқиғасы 2 тамыз күні сағат 23:30 шамасында болған. «Toyota Rav-4» маркалы автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Алдабергенов көшесімен батыс бағытта келе жатып, ағашқа соқтығысып қалған.
Содан кейін рөлді басқара алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында алған жарақаттарынан көліктің 33 жастағы жолаушысы көз жұмды. Сондай-ақ түрлі дене жарақатымен жүргізуші Талғар қаласының ауруханасына жатқызылды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті ПД.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram