{metadescription}
Алматы маңында болған жол апатынан бір адам қаза тапты

Алматы маңында болған жол апатынан бір адам қаза тапты

Алматы облысында Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жол-көлік оқиғасы 2 тамыз күні сағат 23:30 шамасында болған. «Toyota Rav-4» маркалы автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Алдабергенов көшесімен батыс бағытта келе жатып, ағашқа соқтығысып қалған.

Содан кейін рөлді басқара алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында алған жарақаттарынан көліктің 33 жастағы жолаушысы көз жұмды. Сондай-ақ түрлі дене жарақатымен жүргізуші Талғар қаласының ауруханасына жатқызылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті ПД.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде