Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Балуан Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Токио Олимпиадасында еркін күрес бойынша сайыстар басталды.
09:17 04.08.2021
Жарыстың алғашқы күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар кілемге шықты. Қазақстан құрамасынан Нұрислам Санаев алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді. Тартысты кездесу 7:0 есебімен отандасымыз Нұрислам Санаевтың еншісіне шешілді, деп хабарлайды Olympic.kz.
1/8 финалды сәтті аяқтаған Нұрислам Санаев ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram