Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда қойма өртенді
Алатау ауданында металдан жасалған қойма отқа оранды.
11:52 04.08.2021
Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Алматының ТЖД-нің баспасөз қызметінде 4 тамыз күні сағат 09:39-да өрт сөндіру тобы шақырудың жоғары деңгейі бойынша Немирович-Данченко 21 мекенжайы бойынша Алатау ауданындағы өрт туралы хабарға шықты.
«Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туды. Дереу өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар орнатылды. Өрт орнында штаб құрылды, шығыс және оңтүстік жақтардан екі әскери учаске жасақталды», - деп мәлімдеді ТЖД.
Өртті сөндіруге 16 бірлік техника, 40 адамнан астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Сондай-ақ қойма металдан жасалғандықтан, өрттің температурасы өте жоғары екені айтылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram