{metadescription}
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Азия чемпионатында алтын алды
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Шымкенттегі Азия чемпионатында кезекті алтын медальді жеңіп алды.
16:32 18.09.2021
Пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден командалық жарыста Юрий Юрков, Ислам Усейнов және Алексей Клейменов топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сондай-ақ, аралас командалық сында Ирина Локтионова мен Эльдар Иманқұлов күміске қол жеткізді. Осы бағдарлама бойынша Ольга Аксенова мен Валерий Рахымжан қола жүлдегер атанды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!