{metadescription}
Атырауда дәрігерлер жүрегі екі рет тоқтап қалған адамды құтқарып қалды

Атырауда дәрігерлер жүрегі екі рет тоқтап қалған адамды құтқарып қалды

20 минуттан кейін реанимациялық шаралар өз нәтижесін берді.

Ер адамның жүрегі соғып, тыныс ала бастады. Атырау облысында жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері клиникалық өлім белгісі бар адамды құтқарып қалды. Жылыой ауданында тұратын ер адамның қан тамыры ауруы асқынып кеткен.

"Біз шақыртумен келгенде ер адамда клиникалық өлімнің белгісі байқалды. Науқасқа жедел реанимациялық іс-шараларды бастадық. Пациенттің жүрегі екі рет тоқтады. Алайда, біз дефибрилляторды қолданып, ер адамның өмірін сақтап қалдық", - дейді фельдшердің бірі Ерлан Жасанов.

Жедел жәрдемнің құрамныда Айгүл Тұрабаева, Жанаргүл Заулекенова, Қадыр Ибрагим мен Ерлан Жасанов болған. 20 минуттан кейін реанимациялық шаралар өз нәтижесін берді. Ер адамның жүрегі соқты. Ал бірнеше минуттан кейін дем ала бастады. Осыдан кейін дәрігерлер оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, аурухана жеткізді.

"Қазіргі кезде пациент жансақтау бөлімінде қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр. Мен өзім ондай жағдайға бірінші рет тап болып отырмын. Науқастың денсаулығы үшін алаңдап жүрмін", - дейді жас дәрігер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.