{metadescription}
Гиннестің рекордтар кітабы ғаламшардың ең кәрі егіздерін атады

Гиннестің рекордтар кітабы ғаламшардың ең кәрі егіздерін атады

Жапонияда 107 жыл және 300 күннен астам өмір сүрген апалы-сіңлілі Умено Сумияма мен Коуме Кодама ғаламшардың ең кәрі егіздері атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Умено мен Коуме 1913 жылы 5 қарашада Кагава префектурасына кіретін Седо аралында дүниеге келген. Олардың отбасында 13 бала болған. Түрлері ұқсағанымен екеуінің мінезі екі түрлі. Умено жігерлі әрі батыл болса, Коуме - нәзік жанды адам. Бірақ екеуі де позитивті ойлап, адаммен тез тіл табысып кетеді.

Олар жас кезінен бастап бөлек тұрады. Коуме орта мектепті бітіргеннен кейін ағасына көмектесемін деп, аралдан көшіп кеткен. Ал Умено туған жерінде тұрмысқа шығып, II Дүниежүзілік соғыстың соңында басқа жаққа көшіп барды. Егіздер бір-бірінен 300 шақырым шалғай тұрды. Сол себепті жиі кездесе алмайды. Тойда немесе біреуді жерлеу кезінде ғана жүздесіп келген. Ал 70 жаста екеуі будда қажылығына барып келді.

Қазіргі кезде Умено мен Коуме қарттар үйінде екі бөлек тұрады. Коронавирус пандемиясына байланысты Гиннес рекордтар кітабының өкілдері егіздерге бара алмады. Бірақ "әлемдегі ең қарт егіздер" деген куәлікті поштамен жіберді. Қарттар үйінің ұжымы оны салтанатты түрде табыстады.

Умено куәлікті алғанда жылап жіберді. Ал Коуменің есте сақтау қабілеті бұрынғыдай емес. Сол себепті куәліктің қаншалықты маңызды екенін сезіне алмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде