{metadescription}
Пермьдегі атыстан зардап шеккендер саны 43-ке жетті

Пермьдегі атыстан зардап шеккендер саны 43-ке жетті

Жаңартылған мәлімет бойынша, Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан зардап шеккендер саны 43-ке жетті.

"Бүгін зардап шеккендер саны 43 адамға жетті, кешегі күнмен салыстырғанда тағы бір адам қосылды. Оның ішінде 12 адам Пермь қаласындағы ауруханаларда жатыр. Тек біреуінің жағдайы ауыр.

Стационардағы барлық жағдай қанағаттанарлық. Сондай-ақ, амбулаториялық емделушілердің барлығының жағдайы жақсы", - деді облыстық денсаулық сақтау министрлігінің өкілі облыстық Үкімет отырысында. Бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі. Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәтінің видеосы Желіде жарияланды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.