Жезқазғанда екі ай бұрын болған ұрлықтың беті ашылды
16 маусымда 40 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на жүгінді.
16:10 22.09.2021
Жеке үйде тұратын әйел таңертеңгілік ауладағы түсініксіз дыбыстан оянып кеткен. Далаға шыққан ол 25-30 жас аралығындағы белгісіз адамның гараждан жүгіріп шығып, қашып кеткенін көрген. Мән-жайды анықтау кезінде ұрының перфоратор мен бейнекамераны ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 3 қыркүйекте криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап,айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!