{metadescription}
Сот Біртановты үйқамақтан босатудан тағы да бас тартты

Сот Біртановты үйқамақтан босатудан тағы да бас тартты

Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко Біртановты істің бабы қайта сараланғаннан кейін үй қамауында ұстау заңға қайшы келетінін айтты.

Сондықтан экс-шенеуніктің адвокаттары шағым түсірген. Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі соттың сот алқасында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы екі айға созу туралы сот шешіміне аппеляция қаралды. Бұған дейін экс-министрдің үйқамақта болу мерзімі 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартылған болатын. 

"Қаулыда судья Ақшабаев "сот үйқамақта ұстауға кедергі келтіретін ерекше мән-жайды таппады, сондықтан қылмыстық іспен танысу кезеңінде бұлтартпау шарасын негізді деп санайды" деп көрсетеді. Бірақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бұлтартпау шарасын қолдануға, әсіресе күдікті жасырынып, кедергі жасай алатын, қылмыстық қызметпен айналыса алатын ерекше жағдайларда ғана үй қамауына алуды көздейді, ҚІЖК-нің 136-бабы. Алайда судья Ақшабаев ерекше жағдайларда ғана үй қамауын қолдануға болмайды деген қорытынды жасайды", - деп түсіндірді Куряченко.



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.