Оралда ойнап жүрген бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Оралда балалар алаңында ойнап жүрген тоғыз жасар бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.
11:06 26.09.2021
Қайғылы оқиға 25 қыркүйекте У. Громова көшесіндегі аулалардың бірінде орын алды. Ойнап жүрген бала құлап, жаттығу арқанына оралып қалған. Ол ауруханаға "тұншығу" диагнозымен жеткізілді.
“Ойын алаңдарында балалардың жарақат алуының негізгі себебі - ата -аналардың бақыламауы”, – деді БҚО ПД баспасөз қызметінде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баланың қалалық көпбейінді ауруханада жатқанын айтты.
“Жағдайы өте ауыр. Комада. Жансақтау бөлімінде жатыр”, – деді БҚО ПБ баспасөз қызметінде.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!