Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда ет бағасы тағы қымбаттады
Қазақстанда соңғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға өсті.
12:14 28.09.2021
Қой етінің бағасы 14,9 пайызға өсті. Сондай-ақ жылқы еті бағасының айтарлықтай өсуі 9,4 пайызға байқалды. Сиыр еті 7,8 пайызға, құс еті 3,2 пайызға қымбаттады.
"Тамыз айында дүкендер мен базарларда сүйегі бар сиыр етінің орташа бағасы 2 200 теңге болған. Ал жылқы еті 2 500 теңгеден сатылды. Қой еті – 2 400 теңге, ал тауық етінің бір келісі 1 020 теңгеге саудаланды", - делінген ақпаратта.
Статистикаға сүйенсек, қаңтар-тамыз айларында ет өндірісі 43 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 4,6 пайызға аз. Салқындатылған құс етін өндіру, керісінше, 4,3 пайызға артып 71,6 мың тоннаға жетті.
Бағаның өсуінен кейін елде ет тұтыну мөлшері азайды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қой етін тұтыну 10,6 пайызға, жан басына шаққанда 2,5 килограмға дейін, тауық етін тұтыну 4,4 пайызға, 2,2 килограмға дейін қысқарды. Сонымен бірге сиыр етін тұтыну жан басына шаққанда орташа есеппен 0,9 пайызға 11,8 килограмға дейін өсті.
Дереккөз: energyprom.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram