{metadescription}
Қазақстанда нан бағасы қымбаттай ма?

Қазақстанда нан бағасы қымбаттай ма?

Әлеуметтік нан бірінші сұрыпты ұннан жасалады.

Оның бағасы мемлекет тарапынан реттеліп отырады. Ауыл шаруашылығы министрлігі нан бағасына қатысты түсініктеме берді. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтановтың айтуынша, бүгінде ішкі және сыртқы нарықтарда бидай бағасы көтеріліп отыр. Алайда әлеуметтік нанның бағасы тұрақты.   

"Қазіргі кезде нан бағасы күрт өскені байқалған жоқ. Өңірлерде әлеуметтік нанның бағасы тұрақты. Сосын қазір бидай мен ұнға үлкен сұраныс байқалмайды. Бидай мен ұнның көлемі жеткілікті. Бүгін егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Ол өнім өңделіп, ұн ретінде нан пісіретін кәсіпорындарға жеткізіліп тұрады", - деді Сұлтанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда департамент басшысы әлеуметтік нанның сипаттамасын еске салды. Бүгінде бірінші сұрыптан жасалған қалыпты нан әлеуметтік нанға жатады. Оның бағасы мемлекет тарапынан реттеліп отырады. 

"Алдағы уақытта бидай бағасы көтеріліп, ұн да қымбаттаса, нан бағасына қатысты мәселе туындауы мүмкін. Ондайда заң бойынша бағаны реттеу тетіктері іске қосылады", - деп атап өтті Сұлтанов.

Оның айтуынша, ондай кезде әлеуметтік нанның бағасын реттеу үшін алдымен Азық-түлік корпорациясының резервінде тұрған астық ұн тартатын кәсіпорындарға арзан бағамен таратылады. Одан шыққан ұнның құны да төмен болады. 

"Ал нанды өндіруге қажетті шикізаттың бағасы көтерілсе, үкімет тарапынан тиісті шаралар қолға алынады. Әлеуметтік нанның бағасы күрт өспейді", - дейді Сұлтанов.  

Айта кетері, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі жиналатын астықтың көлеміне болжам жасаған. Оған сәйкес, өнімнің мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 22,8 процентке төмен болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.