{metadescription}
Алдағы күндері Қазақстанның үш қаласында қар жауады

Алдағы күндері Қазақстанның үш қаласында қар жауады

Синоптиктер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Нұр-Сұлтан қаласында 20 қазанда көшпелі бұлт торлап, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 3-8 м / с жылдамдықта жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы болады.

21 қазанда көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашынды болмақ (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м / с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 градус жылы болады.

22 қазанда көшпелі бұлт торлап, түнде жауын-шашынды болады (жаңбыр, қар), көктайғақ басады. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м / с жылдамдықта жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 2-4 градус шамасында болады.

Алматыда 20 қазан, көшпелі бұлт торлап, жауын шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 2-7 м / с шамасында. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 19-21 жылы болады.

21 қазанда көшпелі бұлт торлап, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7, күндіз екпіні 10 м / с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы болады.

22 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Көктайғақ басады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7, екпіні 10 м / с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус, күндіз одан әрі төмендейді.

Шымкентте 20 қазанда көшпелі бұлт торлап, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м / с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 жылы болады.

21 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынды болады (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м / с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 12-14 болмақ.

22 қазанда көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашынды болады (жаңбыр, қар), Тұман түсіп, көктайғақтанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м / с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус болады.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде