Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қордайда көлікпен жылқыны қағып кеткен жүргізуші көз жұмды
Қордай ауданындағы тас жолда автокөлік жүргізушісі жылқыны қағып кетті.
09:06 22.10.2021
Облыстық полиция хабарлауынша, «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Және көлікте болған тағы 2 жолаушысы Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram