Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысқан
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.
10:32 22.10.2021
Онда ұшақ пен көлік бүгін таңғы сағат жетіде соғылғаны айтылған. Көліктік полиция департаментіні мән-жайды анықтап жатыр. Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның бейнесі жарияланды. Видеодан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.
«Ұшақ Бакуден ұшып шығып, Алматы әуежайына 22 қазанда сағат 06:43-те қонды. Ұшақ әуежай қызметтерінің бірінің көлігімен соғысып қалды. Әуе кемесі FlyJet.kz компаниясына тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
"Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!