Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда вакцина алу кезегі ит-мысыққа жетті
Қазақстанда мысықтарға арналған COVID-19 вакцинасы әзірленді.
19:37 22.10.2021
Қазақстандық ғалымдар кәдімгі мысыққа арналған NARUVAX-C19 (pets) деген COVID-19-ға қарсы жаңа суббірлікті вакцинаны таныстырды.
"Біздің кейбір үй жануарларымыз, атап айтқанда, мысықтар осы инфекцияға бейім және вирустың мутациясына өз үлесін қосуы мүмкін", - деді Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов.
Вакцина мысықтарға жан-жақты сыналды, нәтижесінде SARS-COV-2 вирусынан қорғайтыны расталды.
"Ол сонымен қатар COVID-19 вирусының "дельта штаммына" қарсы бейтараптандыратын антиденелердің жоғары титрлерінің пайда болуына себеп болды, делінеді. Вакцина мысықтарға тексерілген, бірақ онымен басқа жануарлар да егілуі мүмкін. Осы вакцинаның көмегімен біз жануарлар әлемін COVID-19-дан қорғай аламыз деп үміттенеміз, - деді ол.
Жануарларға арналған коронавирустық вакцина құрамы адамдарға арналған вакцинадан мүлдем өзгеше.
"Бұл мүлдем басқа вакцина, атап айтқанда, оның адъюванты – антигенге иммундық реакцияны күшейтетін компоненті ерекше", - деп атап өтті ғалым.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram