Алматыда автобус көше шамының бағанасына соғылды
Алматыда автобус жүргізушісі бағанаға соғылып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті.
11:00 25.10.2021
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған.
«Jaz le» маркалы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында, рульді басқара алмай, көше шамының бағанасына соғылды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Материал Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісінде», - деді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!