Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды
Қазір уақытта Алматы полициясы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктерді анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр.
11:13 06.12.2021
Көрсетілген заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы техникамен жабдықталған патрульдік полицияның 11 экипажы күн сайын жолға шығады.
«Іс-шараның басынан бері екі жарым мыңнан астам көлік тексеруден өтті, оның 1193-і дизельмен, 1 357-сі жанармаймен жүреді. Тексерілген көліктердің 23%-ы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді: 589 көлікте газ шығарынды мөлшері шамадан тыс көп болған. Сонымен қатар, бүгінде қалаға кіре берісте 19 экологиялық бекет орнатылып жатыр. Олар өлшеу құралдары, бейнебақылау камерасымен жабдықталған», - дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Биыл наурыз айынан бастап барлығы 139 746 көлік тексерілді, оның 21 751-інде улы газ шығару нормадан асып кеткені анықталды.
«ҚР ӘҚбК-нің 334-бабына сәйкес, шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері, сондай-ақ пайдалану кезінде олардан туындайтын шу деңгейі белгіленген нормативтерден (техникалық нормалардан) асатын автокөліктерд және қондырғыларды пайдаланғанда айыппұл салынады не ескерту жасалады, жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін», - дейді полиция өкілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram