{metadescription}
Павлодарда кальян шеккен ер адам жауапқа тартылды

Павлодарда кальян шеккен ер адам жауапқа тартылды

5 желтоқсанда ювеналдық полиция қызметкерлері рейд жүргізу барысында Академик Шөкин көшесіндегі дәмханада кальян шегу фактісін анықтады.

"22 жастағы дәмхана әкімшісі мекемеде кальян шеккен, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – деп хабарлады Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің бастығы Руслан Әуесхан.

Тәртіп сақшысы осы мақаланың нормалары темекі шегудің алдын алуға және шектеуге, соның салдарынан халықтың денсаулығын қорғауға бағытталғанын түсіндірді. Заңға сәйкес, өз үйінен басқа барлық жерде кальян шегуге тыйым салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде