Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда метро 17 қаңтардан бастап жүреді
Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жұмыс істейді.
16:20 15.01.2022
Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті. Басқарманың хабарлауынша, Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жолаушыларға есігін қайта ашады. Таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Пойыздардың қозғалыс интервалы қарбалас уақытта 10 минут, басқа уақытта 13 минуттан болады.
Сонымен қатар, 17 қаңтардан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде троллейбустар мен қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты сағат 21:00-ге дейін ұзартылады. Осылайша, қалалық маршруттар таңғы сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңы маршруттары сағат 09:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram