Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстау облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды
Облыстық полицияның хабарлауынша, екі жеңіл автокөлік соқтығысқан.
18:32 15.01.2022
Апат 14 қаңтар сағат 20:30-да Ақтау – Жетібай жолында болған. Ақтауға қарай бет алған "ВАЗ" және "Jac" автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты.
Аталған жайт қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("Көлiк рөлінде отырған адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкелген іс-әрекет") бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінде тіркелді.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Апаттан кейін жолды видеоға түсірген автордың айтуынша, бір көлікте болған төрт адам қайтыс болған.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram