{metadescription}
Студенттерден ПТР тестілеуді талап етуге жол берілмейді

Студенттерден ПТР тестілеуді талап етуге жол берілмейді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев студенттерден ПТР тестілеуді талап етуге жол берілмейтінін мәлімдеді.

«Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау үшін жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасын қолдану міндетті. Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар адамдарды оқу корпустарына кіргізуге болмайды», - деп айтты ол.

Әділет Тойбаев атап өткендей, маска режимі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ студенттерден ПТР тестілеуді талап етуге жол берілмейді.

«Жоғары оқу орындары басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне не жатақханаларға орналастыру алдын ала қамтамасыз етеді. Бүгінде 5 мыңнан астам студент жатақханада тұрады», - деп ақпарат берді департамент директоры ОКҚ-да.

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде