{metadescription}
ДСМ омикронға байланысты шектеу шаралары туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният омикрон штамына байланысты шектеу шараларын күшейту туралы айтты.
14:06 18.01.2022
"Эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын, омикрон штамы айналымын ескере отырып, шектеу шаралары күшейтілді:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде екпе мәртебесiне қарамастан, шетелден келген барлық азаматтан теріс ПТР-сынама көрсеткiшiн талап ету мiндеттi;
- Ashyq-та "жасыл" мәртебесі болған жағдайда ғана қызметіне рұқсат етілетін нысандар тізбесі кеңейтілді;
- Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуда жекелеген тәсіл қолданылады", - деді министр үкімет отырысында.
Ол шектеу шараларын енгізу әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дифференциал түрде жүргізілетінін айтты.
Дереккөз: tengrinews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!