Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-дағы тасжол бойында жарылыс жасалды
Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.
16:15 18.01.2022
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының күрт жылынуы мен қатты желдің салдарынан аймақта қар көшкіні жүру қаупі туындаған. Осыған орай «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері «Өскемен-Горная Улбинка-Северное» тасжолының 30-37 шақырымында жасанды жолмен қар көшкінін түсірді.
«Жол бойында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 1400 текше метр қар түсірілді. Сондай-ақ кеше «Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен көшкін түсірілген болатын. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram