{metadescription}
Бүгіннен бастап Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті.
10:43 19.01.2022
“Алматыда төтенше жағдай режимі және коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты 19 қаңтардан бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмысын жүргізеді”,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі қиын жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!