{metadescription}
Елордада жаңа карантин шаралары енгізілді

Елордада жаңа карантин шаралары енгізілді

21 қаңтарда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "Елордадағы шектеу және карантин шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін қойылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Маска тағу, қашықтық сақтау және антисептик қолдану талаптарын да қатаң сақтауы қажет. 

Әкімдікке, кәсіпкерлер палатасына, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, кәсіпкерлік субъектілеріне бірқатар кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын қолануды жалғастыру тапсырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына елорда тұрғындары арасында вакцинация мен ревакцинация жүргізуді жандандыру тапсырылды.

Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.