{metadescription}
Алматыда 61 сауда дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсірген

Алматыда 61 сауда дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсірген

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Нәтижесінде Алматыда бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы арзандады. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, мұндай жұмыстар 1 773 үй жанындағы дүкенде жүргізілді.

«Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындай отырып, қала әкімдігі аудандық әкімдіктермен және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесіп күн сайын «үй жанындағы» 1 773 дүкенде ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша мониторинг жүргізеді, бұл жалпы санының жартысына жуығын құрайды. Мониторинг қорытындысы бойынша 7 ауданның (Түрксіб ауданынан басқа) 61 дүкенінде ӘМАТ бағасының негізсіз өсу фактілері анықталды»,- деді Мақсат Қиқымов.

Оның айтуынша, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде азық-түлік тауарларының келесі түрлерінің бағасы төмендеді: күнбағыс майы 15%-ға (920-дан 780 тг/л); сүт өнімдері 5%-ға (айран 315-тен 300 тг/л, сүт 295-тен 280 тг/л); әлеуметтік нан 10%-ға (100-ден 90 тг/л); 1 сұрыпты ұн 10,2%-ға (245-тен 220 тг/кг-ға дейін); 6,2% (490-дан 460 тг/ондыққа дейін); қант 5,7%-ға (350-ден 330 тг/кг-ға дейін).

Қалған 1 810 дүкенде жұмыс ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін жүргізіледі, мониторинг бойынша жұмыс тұрақты негізде жалғасады.

Айта кетейік, Алматыда В, С класты барлығы 3 583 азық-түлік дүкені жұмыс істейді: Алатау ауданында – 500 дүкен, Алмалы ауданында – 395, Әуезов ауданында – 605, Бостандық ауданында – 488, Жетісу ауданында – 400, Медеу ауданында – 325, Наурызбай ауданында – 350, Түрксіб ауданында – 525 дүкен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде