{metadescription}
Ер адам үйіне кіріп келген аюмен жалаң қолмен айқасты

Ер адам үйіне кіріп келген аюмен жалаң қолмен айқасты

Видеода Флорида тұрғыны үйіне кіріп кеткен жыртқышпен жалаң қолмен айқасады.

Желіде ер адамның аюмен айқасып жатқаны жайлы видео жарияланды. АҚШ тұрғынының батылдығы қолданушыларды таңғалдырды. Үй иесі иттерін қорғау үшін аюмен жалаң қолмен айқасқан.

Кадрдан жыртқыштың ашық тұрған есіктен үйге баса-көктеп кіріп келе жатқанын көруге болады. Ол бөлмеде жүрген иттерге тұра ұмтылған. Алайда үй иесі жыртқышты дер кезінде тоқтатып үлгерді. Ол аюмен айқаса кетіп, есіктен итеріп шығарды. Осы кезде ашулы жыртқыш ер адамды жарақаттап үлгерген.

Америкалық жабайы жануарды үйінен қуып шықты, содан кейін үйге кіреберісті орындықпен бөгеп тастап, полиция мен жабайы табиғатты қорғау қызметіне қоңырау шалған, олар қауіпті жыртқышты іздеуге кірісті.

Дереккөз: sputnik.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде